$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Банкрот болған банк салымшылары қаржыларын алуға асығар емес

AstanaTV
28.06.2018ж. 20:00
2678
Банкрот болған банк салымшылары қаржыларын алуға асығар емес

Лицензиясынан айырылған Delta Bank салымшылары депозитке салған 100 миллион теңгесін қайтарып алмаған. Бұған дейін 2 200 салымшысы бар екені белгілі болған еді. Бүгінде тек 40 миллион теңге ғана иесіне қайтарылған. Бұл қаражаттың 30 пайызы. Енді осы банкте ақшасын сақтағандар 4 айдың ішінде қаражаттарын қайтарып алуы тиіс. Ол үшін Delta Bank салымшылары қаражатты қайтаруда банк-оператор болып белгіленген ЦентрКредитБанкке арыз жазулары керек. Сондай-ақ "Қазинвестбанкте" депозит ашқандардың да 12 пайызы өз  қаржыларын алуға асығар емес. Депозиттерге кепілдік беру қоры банк салымшыларының қаражаттары түгел қайтарылатынын айтып, тұрғындарды өз қаржыларын алып кетуге шақырады. 

Мадияр Сәттібеков, Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры департамент директорының міндетін атқарушы:

Клиенттерге айтарымыз, БЦК бөлімшелеріне барып, өз ақшаларыңызды алуды сұраймыз. 6 ай  өткеннен кейін кепілдік берген өтемді алмаған салымшылар тікелей ДКБҚ-на өтініш бере алады.