$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жеңілдетілген несиемен 13 мың отандық көлік сатып алуға болады

AstanaTV
28.06.2018ж. 20:00
1883
Жеңілдетілген несиемен 13 мың отандық көлік сатып алуға болады

Биыл жеңілдетілген несие арқылы 13 мың отандық көлік сатылымға шығады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің комитет басшысы Алмас Батанов мәлімдеді. Айтуынша, былтыр отандық автокөлік құрастыру 40 пайызға өскен. Барлығы 19 500 жеңіл көлік саудаға шығырылды. Өндірістің артуына ішкі сұраныс пен экспорттық бағыттардың ашылуы себеп болған. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие де тұтынушының қызығушылығын арттырса керек. Былтыр елде сатылған әр үшінші көлік отандық. Ал 1500-і экспортталған.

Алмас Батанов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы: 

2018 жылдың басында 10 млрд теңге бөлінді. Алдыңғы жылдарда берілген болатын. Барлығы автонесиеге 40 млрд теңге бар. Шамалап алғанда, 12-13 мың автокөлік алуға жететін ақша. Моделіне байланысты.