Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Г.Головкин жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
1316
Г.Головкин жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Алдағы уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі Қазақстанда болуы мүмкін. Бүгін президенттің қабылдауында әйгілі боксшы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қол ұшын беруге дайын екенін мәлімдеді. GGG "біздің халық мұндай үлкен оқиғаны көруге лайық" деді. Екеуара кездесуде президент қыркүйекте өтетін жекпе-жегіне қазақстандықтар атынан сәттілік тілеп, батасын берді. Ол үшін бар қазақ мақтанатынын айтып, спортты насихаттаудағы үлесін бағалады.

Орта салмақтағы әлем чемпионы мемлекеттік наградаға ие болды. Мемлекет басшысы оған "Қазақстанның Тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт Көшбасшысы" орденін табыстады. Боксшы да құр келмепті. Ол орта салмақтағы WBC, WBA, IBO чемпиондық белбеулерін президентке сыйлады.