Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жасыл белдеуге қырғауылдар жіберіп, ағаш отырғызды

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
2965
Президент Нұрсұлтан Назарбаев жасыл белдеуге қырғауылдар жіберіп, ағаш отырғызды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы дәстүр бойынша жасыл белдеуге барды. Мемлекет басшысы орман шаруашылығының қызметкерлерінен көшет отырғызу жұмыстарының жайын сұрады. Президент «Жасыл ел» жасағының жастарымен бірге ағаш отырғызып, қырғауылдар ұшырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті: 

Астананың батыс жағында бұдан да әдемі ағаштар. Осының барлығы жастар үшін, сендер үшін, болашақ үшін жасалып жатыр. Мына орман керемет болады. Қазір мынадай қарағайлар шығып жатыр. Оның барлығы 30-40 жылда бітеді. Өмірі сондай. Содан кейін Бурабайдағыдай орман болып қарағай шығады. Соны сендер көресіңдер барлығын.

Астананың маңындағы жасыл белдеуге, Президент бастамасымен 1997 жылы алғашқы ағаштар отырғызыла бастады. Бүгінде белдеудің жалпы ауданы 14 827 гектарды құрайды. Оның 11 мыңнан астам жеріне түрлі ағаш егілген. 2009 жылдан бастап Елордаға желден қалқан болған жасыл белдеудің екінші кезеңі қолға алынды. Сөйтіп белдеуді ауқымды жасыл орман алабына айналдыру жоспары межеленді.