Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президенттің бес бастамасы бойынша «Нұр Отан» партиясына 11 мыңдай өтініш түскен - Б.Жұмағұлов

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
2297
Президенттің бес бастамасы бойынша «Нұр Отан» партиясына 11 мыңдай өтініш түскен - Б.Жұмағұлов

"Нұр Отан" партиясына президенттің 5 әлеуметтік бастамалары бойынша 11 000-ға жуық сұрақ түскен. Бұлардың көпшілігі бірінші бағыты, яғни «7-20-25" бағдарламасына қатысты. Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруды бақылау бойынша Қоғамдық кеңестің екінші отырысында төраға Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде ең басты тапсырма - бұл жергілікті басқару органдары түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, жеңілдетілген ипотека алуда қарыз алушылардың "несие тарихы" ескеріледі. Өйткені бұл тұрғындардың төлем қабілетін көресететін негізгі құрал.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

Егер де азамат несиесін уақытында төлемесе, онда банк неге оған 25 жылға несие беруі керек. Егер де ол несиеге алған тұрмыстық техникасының ақысын төлеп бітірмесе. Бұл несиеге баспана алу кезінде ескерілетін жалғыз ғана фактор емес. Бұдан өзгесі де баршылық.