Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматылық жастар үшін тиімді шарттардан тұратын тұрғын үй

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
2487
Алматылық жастар үшін тиімді шарттардан тұратын тұрғын үй

Алматылықтар "Алматы жастары" жобасымен жеңілдетілген ипотека алу үшін қулыққа барып жатыр. Қалалық тұрғын үй басқармасының мамандары осылай деп отыр. Жақында «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылмақ. Тиімді шарттардың бірі - несиенің жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз. Ришат Асқарбекұлы толығырақ.

«2020 жылға дейін жастарды қолдау жол картасы» бағдарламасы аясында "Алматы жастары" жобасының екінші кезеңіне құжат қабылдау 9-шілдеден басталады. Жоба 35 жасқа дейінгі азаматтарды қамтиды. Жергілікті бюджеттен қазір 2 млрд теңге қарастырылып отыр. 

«Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі - пайыздық төлем аз. Жобаға қатысушылар жылдық мөлшерлемесі 5%-бен несие алады. Әр отбасына 10 млн теңге беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай 3 жылдан 25 жылға дейінгі аралықты қамтымақ.

Айбек Сәйділдаев, Алматы қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары:

Былтыр Алматы жастарының арасында жасы келмейтіндер де, яғни 35-тен асып кеткендер де құжаттарын өткізіп жатқан фактілер көп болды. Сосын басында үйі немесе туыстарының үйлерінде үлесі барлардың арасында да қатысуға ниеттілер көп болды. Біз олардың бірден жолын кестікБаспаналарын басқаның атына жазып, сатып пәтер алғысы келетіндер де бұл бағдарламамен өтпейтінін ескертеміз.

Қала жастарына жеңілдетілген несиемен баспана беру бағдарламасы былтыр әлеуметтік дүмпу тудырды. Бар-жоғы 100 отбасына арналған пәтерді алу үшін 6,5 мың өтініш түскен. Бастапқы төлемсіз әрі жылдық мөлшерлемесі төмен болған соң, үміткерлер саны да еселене түсіпті.

Диас Рахым, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" төрайымының орынбасары:

Ең басты өтпей қалған жағдай олардың көбінің төлем қабілетінің төмендігі болды. Сондықтан өтпегендер көп болды. Мысалы, кейбіреулерге өз қалаған үйіне 10 млн теңге жетпесе, олар да осы бағдарламадан бас тарты. Былтыр 108 адам алды пәтер, биыл біз оны 200-ге жеткізбек ойдамыз.

Үміткерді таңдау баллдық жүйемен есептеледі. Ал баспана тек жаңа салынған үйлерден берілмек. Құжаттарды қабылдау 20 шілдеге дейін жүреді.

Ришат Асқарбекұлы