Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбе облысында биыл онға жуық мектеп жабылады

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
2003
Ақтөбе облысында биыл онға жуық мектеп жабылады

Ақтөбе облысында биыл шамамен он мектеп жабылады. Өйткені шалғайдағы елді мекен халқы көшіп, оқушылар саны азайған. Бұл жөнінде бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мәлімдеді. Кейбір мектептерде биылғы оқу жылында 3-5 оқушы ғана білім алған. Енді олар аудан орталықтарынан ашылатын интернаттарда білім алады. Сондай-ақ жақын жердегі мектептерге тасымалдап оқыту жоспарланып отыр. Мұғалімдер де басқа мектептерге ауыстырылмақ. Бұған дейін кейбір ақпарат көздерінде тек Мәртөк ауданының өзінде 7 мектеп жабылатыны жазылған еді. Алайда облыстың бас ұстазы ол ақпаратты жоққа шығарды.

Ләззат Оразбаева, облыстық білім басқармасының басшысы:

Ол жалған ақпарат негізі. Жалпы оптимизация бойынша облыста үлкен жоспар бар. Себебі егер бала мектепте жеткіліксіз болса, ол мектепті ұстап тұрудың еш қажеттілігі жоқ. Сондықтан Мәртөк ауданында қазір екі бастауыш мектептің жабылуы жоспарланып отыр. Оның біреуі міндетті түрде жабылады. Өйткені бірінші қыркүйекке 3 бала ғана қалуы мүмкін. Қазіргі таңда ол жерде бітіріп тұрған 5 бала.