$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Түркияда туып өскен қазақ жастарын қабылады

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
3056
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Түркияда туып өскен қазақ жастарын қабылады

Бүгінде Түркияда 30 мыңға жуық қазақ тұрады. Олар кей елдердегі қандастардай қиындық көрмесе де, ана тілін оқып-білуге келгенде, қиындық бар екенін айтады.

Бүгін Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Түркияда туып-өскен жастар алғаш рет атажұртқа 3 күндік турмен келді. Алыстан ат арытып келгендерді Мемлекеттік хатшы Ақордада қабылдады. Гүлшара Әбдіқалықова жастарға, реті келсе, атажұртқа келіп қызмет етуге, ата-бабасының кіндік қаны тамған жерге біржола көшіп келуге шақырды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

1 млн-ға жуық қазақ біздің елге қайтып оралып, қазір жұмыс істеп, тұрып жатыр. Көбі 25 жыл ішінде сіңіп кетті деуге болады жергілікті жерге. Әлі де келем дегендер келіп жатыр, бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. 

Едіге Доған:

Қазақстанға келіп, қызмет ету - менің арманым. Біз қазақ жастары, қазақтар жиналып, Қазақстандағы іс-шаралар мен жаңалықтар туралы әңгіме айтып отырамыз. Біз қазақша білім ала алмаймыз. Түркияда, қазақ тілін өз ата-бабаларымыздан үйде үйрендік.

Түркиядағы жастар ата тегін ұмытпаған. Қазақстан әркез біздің жүрегіміздің төрінде дейді. Шараға Қазақстанның іскер әйелдер кеңесі бастама болып отыр. Қазақ жастары үш күн бойы Астананың барлық мәдени жерлерін аралап көреді. Кейін жастардың құрметіне концерттік бағдарлама ұсынылмақ.

Туба Дінтүрік:

Бізге айтады, Қазақстанды көріңдер,Қазақстанға кетіңдер деп, сол біздің жеріміз деп. Бұл біздің ата топырағымыз, мен осында болғаныма қуаныштымын.