Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Nur Otan talks: "Астана - Асқақ арман" еркін пікірталас алаңы өтті

AstanaTV
02.07.2018ж. 20:00
2743
Nur Otan talks: "Астана - Асқақ арман" еркін пікірталас алаңы өтті

Астана - асқақ арман! Нұр Отан talks еркін пікірталас алаңының бүінгі тақырыбы Астана күніне арналды. Елордамен бірге өсіп-өнген, жетістікке жетіп, биіктерді бағындарған спикерлер өз тәжірибесімен бөлісті. Онлайн режимде сөз сөйлеп Астананың қалыптасу кезеңіне, тарихы мен дамуына тоқталды. Жеңістерін бас қаланың жетістігімен байланыстыратынын айтты. Кейіпкерлердің "success stories"-і тыңдаушыларды бей-жәй қалдырған жоқ.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Әлбеттеғ бұл трансформацияға барлық астаналықтардың, қазақстандықтардың сіңірген еңбегі зор. Мұның артында мемлекет басшының ерік-жігері мен көрегендігі бар. Астана көптеген адамдардың қалыптасуына, тағдырының өзгеруіне, өсуіне оң әсер етті.

Ал, белгілі шахматшы Дәрмен Сәдуақасов 19 жасында халықаралық гроссмейстер атанған. Балалық шағым өткен Целиноградта небәрі 2 шахмат орталығы бар еді,- деп еске алады. Қазір Астанада олардың саны 30-дан асады. Бұл тұрғыда жастардың спорттық тұрғыда дамуына бар мүмкіндік жасалған. 

Дәрмен Сәдуақасов, халықаралық гроссмейстер:

Менің досымның "Бәйтерек" тұрған жерде саяжайы болды. Бала кезде сол саяжайда демалғанды ұнататын едік. Досым саяжайы үшін қапа болғаны рас. Бірақ қазір ол жерді барлық астаналықтар жақсы көреді. Менің де қаладағы сүйікті орындарымның бірі.