Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

5 айда 23 жүкті әйел бақилық болған

AstanaTV
09.07.2018ж. 20:00
2880
5 айда 23 жүкті әйел бақилық болған

Астанада 3 жүкті әйел қайтыс болған нөмірі 1-ші перинаталды орталық әйелдерді босандыруды қайта қолға алды. Мекемеден санитарлы-эпидемиологиялық тәртіптің бұзылмағаны, яғни инфекция табылмағаны анықталған. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары осындай хабарлама таратты.

Елде 5 ай ішінде 23 ана өлімі тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға Түркістан облысы мен Алматы облысында көп болған. Алматының өзінде 3 жағдай тіркелген. Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстанда 2 әйелден қайтыс болған. Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс пен Солтүстік Қазақстанда бір бірден жүкті әйел бақилық болған. Былтыр елде 49 әйел бала үстінде қайтыс болған екен. Ал Астанада жақында болған 3 әйелдің өлімі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.