Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстандағы тікұшақ құрастыратын «Eurocopter Kazakhstan Engineering» зауыты заң тұрғысынан қолдауға зәру

AstanaTV
09.07.2018ж. 20:00
3953
Қазақстандағы тікұшақ құрастыратын «Eurocopter Kazakhstan Engineering» зауыты заң тұрғысынан қолдауға зәру

Қазақстандағы тікұшақ құрастыратын «Eurocopter Kazakhstan Engineering» зауыты заң тұрғысынан қолдауға зәру. Бүгінде тікұшақ құрылысымен ғана емес, жөндеу жұмыстарын да жүргізе бастаған серіктестік өкілдері авиация тұрасындағы кей заңнамалық тармақтар жетілдірілсе деп отыр. Бүгін кәсіпорынға «Нұр Отан» фракциясының депутаттары барып, жұмыс барысымен танысты. Қазір компания тіпті құрастырған өнімдерін экспорттай бастаған. ЕС-145 тікұшақ түрін құрастырушы жалғыз зауыт құрылған 7 жыл ішінде - 26 тікұшақ шығарып, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің әуе техникасына деген сұранысын қанағаттандырып отыр. Қазір Еуропаның бірқатар елі, сонымен қатар көршілес Ресей, Монғолия, Қырғызстаннан келіп ұшақтарын осында жөндететіндер саны артыпты. Қызмет аясының кеңеюіне орай заңдық тұрғыдан да қолдау қажет екенін айтқан серіктестік өкілдеріне депутаттар жәрдемдесетіндерін айтып, білікті кадрлар даярлау ісіне ден қоюға кеңес берді.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қауіпсіз жағдайға келгенде, әскер сабында өте қажет. Бұның болашағы енді басталып жатыр. Бізде білімді, әскери білімді алға басатын жастар керек. Оларды оқыту керек. Осы істен қаржыны аямау керек. Біз бұл жерде бояймыз дейді бітті, қалғаны бәрі ана Франциядан, Германиядан алып келеді. Дұрыс енді, бірақ, біз енді өз қолымыздан келеді, өзіміз жасауымыз керек. Сол үшін жастарды оқыту керек.

Сонымен қатар, бүгін депутаттардың тағы бір легі Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Қушоқы ауылына барды. Мұнда «Ботақара жылу» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Мекеме осы жылдың ақпан айында ауданның коммуналды меншігіне өтіп, жылыту орталығына 316 жер үй, 16 қабат үй қосылған. Барлығы 835 пәтер мен 5 бюджеттік мекемеге орталықтан жылу жіберіледі. Серіктестікте бүгінде 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кездесу барысында Президентің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру механизімдері, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы, газбен қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.

Гүлнар Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Мекеме өз қарауына берілген соң, мұнда енді жергілікті атқарушы билік енді екпінді еңбек етуі тиіс. Жергілікті халықтың алаңдайытын түгі жоқ. Біз бұл туралы жаңа жұмысшылармен сөйлестік. Я, кейбір мәселе бар, мысалға, жедел жәрдем мәселесін алуға болады. Мен оны түртіп алдым, енді міндетті түрде сауал жіберіп, жауабын халыққа жеткіземін.