Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Премьер-министр Президенттің бес бастамасын орындамаған облыстарға ескерту жасады

AstanaTV
10.07.2018ж. 20:00
2258
Премьер-министр Президенттің бес бастамасын орындамаған облыстарға ескерту жасады

Премьер-министр Президенттің бес бастамасына немқұрайлы қараған 6 облыс басшысына ескерту жасады. Студенттерге жатақхана салу бойынша бірде- бір шаршы метр тапсырмаған өңірлерді өзі атап көрсетті. Бүгін Үкіметте жарты жылдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы тыңдалған болатын. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

8 өңірде ғана жатақхана беруге қол жеткізілген. Олар: Ақмола, Алматы, Атырау, БҚО, Қарағанды, ШҚО, Астана мен Алматы қалалары. Басқа өңірлерде бірде-бір жатақхана, бірде-бір шаршы метр пайдалануға берілмеген. Осыны ескеріңіздер.

Еске салайық, Президент 5 әлеуметтік бастамасында 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырған. Үй құрылысына келетін болсақ, көпқабатты үйлерді пайдалуға беру Алматы облысында - 20, Атырау облысында - 45, Жамбыл облысында - 35, Түркістан облысында - 30, Алматы қаласында 56 пайызды құрайды. Қызылорда облысында бірде-бір үй жоқ. "Жарты жыл өтті, сол 20-30 пайыздың соңында жүрміз",-деді премьер.  Биыл ЖІӨ өсімі 4,1 пайызды құраған. Бірақ Сағынтаев қаңтар айында 5,4 болған өсім маусымда 5,2 пайызға түскенін айтты. Бұлай жалғаса берсе, жылдық 4 пайыз межені орындай алмай қалуымыз мүмкін деген қауіпін жасырмады.