Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанада көліктің аккумуляторлық батареясын ұрылаушылар көбейген

AstanaTV
10.07.2018ж. 20:00
2100
Астанада көліктің аккумуляторлық батареясын ұрылаушылар көбейген

Астанада көлікке түсетін ұрылар азаймай тұр. Жыл басынан бері 500-ге жуық дерек тіркелген. Оның 30 пайызға жуығы аккумуляторлық батареялар ұрлығы. Сондықтан Астананың ішкі істер департаменті өкілдері бірқатар қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауға кеңес беріп жатыр. Мамандар ұрлық түнгі мерзімде болатынын айтып отыр. Сондықтан көлікті мүмкіндігінше арнайы тұраққа, не бейнебақылау орнатылған жерге қоюға, көлікке дабыл қондырғысын орнатуға кеңес береді. Тіпті аккумуляторлық батареяны үйге алып қою керек деп отыр. Бүгінде полицейлер 62 қылмыстың бетін ашқан. Көліктің қуат көзін қабылдайтын орындарды тексеріп, 12 қылмыстық топты қолға түсірген. 

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

АКБ ұрлаған. Бұл әсіресе жүк көліктерінен ұрланатын жағдай болып отыр. Әлеуметтік желіде таралған нұсқаулар мен кеңестер алдын алу шарасының бір бөлігі деп санаймын.