Келер жылдан бастап мемлекеттік гранпен оқу тәмәмдаған маман міндетті түрде мемлекеттік медициналық мекемеде 3 жыл қызмет етуі тиіс. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның сөзінше, жекеменшік медициналық мекемелердің айлығы мемлекеттік ұйыммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан оқу бітірген жастардың көбі жұмысты жекеменшік ұйымдардан іздейді. Бұл кадр мәселесінің үлкен проблемаға айналуына ықпал еткен.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Бұл заң 2012-ші жылы қабылданған. Сол жылы оқуға түскен студенттер 7 жыл оқып, келер жылы бітіреді. Сосын сол заң бойынша жұмыс істейді.
Министрлік үкіметтен 50-ге жуық созылмалы ауру түрінен тегін дәрі-дәрмек алатын 3 миллионға жуық науқастың мәселесін де қолға алған. Бұған дейін дәрі-дәрмек діттеген жерге жетпей немесе басқа дәрімен алмасытырлған жағдайлар жиі тіркелетін. Енді науқастардың тегін дәрі алған-алмағандығы СМС хабарламалар арқылы анықталатын болады.