Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ұлттық банк төрағасы баспасөз отырысына қатысты

AstanaTV
25.05.2016ж. 20:00
1682
Ұлттық банк төрағасы баспасөз отырысына қатысты

Қазақстан нарығында ұлттық валюта жеткілікті. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп мәлімдеді. Астана Экономикалық форумының аясында баспасөз отырысын өткізген бас қаржыгер, теңгеге деген сұраныстың артқанын айтты. Отандастарымыз ұлттық валютаны көптеп сатып алып жатыр дейді. Мәселен, ақпан мен сәуір айлары арасында  валюта айырбастау пункттерінде 760 миллионнан астам АҚШ доллары теңгеге ауыстырылыпты.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Теңгеге деген сұраныстың артуы салдарынан халық, кәсіпорындар шетелдік валютаны сатып жатыр. Бұл тенденция нарықта теңге жетіспеушілігі байқалуда дегенді білдірмейді. Шынтуайтында, нарықта ұлттық валюта жеткілікті. Барлық банктер теңгемен тиісті деңгейде қамтамасыз етілген. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА