Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Қазцинк» тау-кен байыту кешенінен шыққан техникалық судан қауіп жоқ - экологтар

AstanaTV
25.05.2016ж. 20:00
4177
«Қазцинк» тау-кен байыту кешенінен шыққан техникалық судан қауіп жоқ - экологтар

Өскемен мен  Риддер қалаларындағы ауыз су ішуге жарамды. Яғни «Қазцинк» серіктестігінің тау-кен байыту кешенінен шыққан техникалық судан қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы бүгін аймақтағы су арнасы мамандары мен  кәсіпорынның бас экологы Қазтай Тәкеев біздің арнамызға берген сұқбатында айтты.

Риддер арнасының су торабы Громатоха өзенінде орналасқан. Таудан бастау алатын бұл арна Тихая мен Филипповка өзендерінен жоғары орналасқан. Өскемен халқы тұтынатын тіршілік көзін «Өскемен су арнасы» 40 метр тереңдіктегі су көзінен алады. Қазір мамандар әр сағат сайын су құрамынан сараптама алып отыр. Дегенмен экологтар тұрғындарға Филипповка  мен Тихая өзендерінің суын пайдаланбай тұруды ескертіп отыр.

Қазтай Тәкеев, «Қазцинк» ЖШС бас экологы:

Біздің зауыттан шыққан лас су су торабына зиянын келтірмейді. Десек те, сақтық үшін бұл суды малға да бермей тұрыңдар дер едім. 

Еске салайық, «Қазцинк» ЖШС тау-кен байыту кешенінен шыққан техникалық су дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні өзенге құйылған болатын. Бір тәулік ішінде техникалық лас су Үлбі өзеніне қосылып үлгерген.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ