Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Үш тілді «J-Library» электронды кітапханасы таныстырылды

AstanaTV
19.07.2018ж. 20:00
3929
Үш тілді «J-Library» электронды кітапханасы таныстырылды

Абай жолын ағылшынша, Билл Гейтстің кітаптарын қазақ, орыс тілдерінде тегін оқуға мүмкіндік туды. Қазақ және әлем әдебиетінің 500 үздік туындысын енді кез-келген оқырман www.zhasotan.com сайтынан тегін оқи алады. Ал қазан айынан бастап ұялы телефонға мобильдік қосымшасын жүктеуге болады. Бүгін «Жас Отан» жастар қанаты «J-Library» электронды кітапханасын таныстырды. Мұнда әдебиет, өнер, бизнес және тағы жанрлар бойынша үш тілдегі үздік шығармалар жинақталған. Болашақта электронды кітапханадағы шығармалардың саны 10 мыңға жететін болады. Сондай-ақ оқырмандар болашақта портал арқылы атақты кәсіпкерлерден кеңес алады.

Дәулет Кәрібек, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:

Ол жерге кірген әрбір жас, әдебиетке байланысты, өзін-өзі дамытуға, тайм-менеджментке, жобалық менеджментке байланысты, өзіміздің қазақ халқының әдебиеті туралы, қазақ жазушылары туралы, заманауи Илон Маск туралы, Билл Гейтстің жастарға ұсынған кітаптарын - барлығын тегін және қолжетімді онлайн форматта оқи алады.