Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарлық тұрғын ауласын гүлдің түр-түрімен безендіріпті

AstanaTV
19.07.2018ж. 20:00
4639
Павлодарлық тұрғын ауласын гүлдің түр-түрімен безендіріпті

Гүлмен көмкерілген аула. Павлодарское ауылының тұрғыны үй маңын жайқалған гүлдің түр-түріне толтырған. Бала күнгі хоббиін бүгінде кішігірім кәсібіне айналдырған Елена Третьякова бірегей коллекциясын әр жерден жинайтынын айтты. Бағбанның сөзінше, оның ауласында гүлдің 200-ге тарта түрі бар. Шырайгүл, бозғалдақ, кербезгүл, раушан, лалагүл деп кете барады. Елена көпжылдық гүлден гөрі бір жылдық өсімдікті еккенді ұнатады. Осылайша ол бау-бақшасын әр маусымда түрлендіріп отырады. Гүлді жақсы көретіндігін білетін жақын-таныстары оған қымбат сыйлықтың орнына әдемі өсімдікті тарту етуді әдетке айналдырыпты. Мәселен, жақында бір құрбысы Германиядан гүлдің 33 түрін арнайы жіберіпті. Гүл өсіру - жүрегінің қалауы. Десе де, соңғы уақытта бағбан арнайы тапсырыспен гүл өсіріп, оны сату ісін қолға алған.

Елена Третьякова, Павлодарское ауылының тұрғыны:

Маған қазтамақ гүлі өте ұнайды. Интернеттен көре қалсам, бірден тапсырыс беріп алдырамын. Алыс па, жақын ба, маңызды емес. Соңғы рет Алматыда тұратын коллекционерге арнайы барып келдім. Гүлдің өзімде жоқ түрін алдым. Қазір олар аулама сән беріп, өсіп тұр.