$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Қазақстандықтар Денис Тенді еске алып жатыр

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
2739
Қазақстандықтар Денис Тенді еске алып жатыр

Денис Теннің өлімі бүкіл спорт үшін ауыр қаза. Жер-жерде оны еске алып, гүл шоқтарын қойған қазақстандықтар осылай деді. Жерлестері ғана емес, ресейліктер де бағындырар белесі көп жас спортшының үзіліп кеткеніне сене алай, көз жастарына ерік берді.

Диана Сапарқызы, тілші:

Кешелі бері әлеуметтік желі беттері Денис Теннің суреттері мен бейнекандарларына толды. Спортшылар, әншілер, онымен таныс-біліс болған адамдардың барлығы осылайша оның қазасы жандарына қатты батқанын жазып жатты. Олар жергерлі спортшының ғана емес, адамгершілігі жоғары жастың қыршыннан кеткеніне сене алар емес. Еңіреп егіліп жатқандар да бар. Ресейлік әріптесі Алексей Ягудиннің әлеуметтік парақшасында жариялаған жазбасы ешкімді бей-жай қалдырмады.

Алексей Ягудин, РФ мәнерлеп сырғанаушысы:

К сожалению, случилось то, что не должно было случиться, чего мы никогда бы не рыдали. Мы целый день плачем, потому что ушел из жизни человек, не просто фигурист, а человечище… Юра, Оксана, мы даже представить не можем, что происходит у вас, простите, что не сберегли вашего сына.

Атақты режиссер Тимур Бекмамбетов Денистің аяқсыз қалған киножобасын соңына жеткізбекші. Мұны Ресейдің Қазақстандағы елшілігі хабарлады. Тен көзі тірісінде есту қабілетінен айрылған бойжеткен мен мылқау бала арасында қарым-қатынасты көрсететін туынды түсіруді жоспарлаған еді. Мақсаты айқын, жоспары көп жастың қапыдағы қазасына Астанада корей мейрамханасында ас та берілді.

Риза Қылышбек:

Бір чудо болсын деп күттік. Бірақ, өкінішке орай, ондай болмады. Қандай керемет адам, біз үшін өте ауыр.

Астаналықтар Денисті Есіл жағалауында еске алып жатыр. Гүл, шырақ, спортшының суреттері мен портреттерін қойып жатыр. Сұхбатқа тартқан адамдардың барлығының дауысында діріл, өкініш бар.

Сафария Тұрсынқызы:

Бүкіл өзіміздің қазақ еліне көңіл айтамын. Осындай жарық жұлдызды сақтай алмағанымызға ұяламын.

Диана Сапарқызы, тілші:

Денисті Қазақстанның барлық аймағында еске алып жатқан көрінеді. Оны әріптесім Еркін Карин айтатын болады. Еркін....

Еркін Карин, тілші:

Иә, Диана, қазақстандықтар кешелі бері аза тұтып жатыр. Бүгін барлық қалаларда спортшының қазасына бей-жай қарай алмағандар қаралы жиын өткізуде. Олардың арасында оралдықтар да бар. Жас спортшылар мен қала тұрғындары шаһардағы мұз айдыны спорт сарайының алдында жиылып, гүл шоқтарын қойды.

Чемпионның мезгілсіз қазасы әсіресе жас спортшыларға да ауыр тиген. Солардың бірі - Айкүміс Абутали. Осыдан екі жыл бұрын Денис Тен Оралға келгенде қолтаңба алып, бірге суретке де түсіпті. Жастарды жеңісімен желпіндіріп, талайдың көңіліне қанат бітірген жанның өкінішті өлімі өзекті өртеп, жүрегімізді ауыртты, дейді.

Айкүміс Абутали, спортшы:

Алматы, Қостанайда орындар алдым. Соның барлығын Денис Теннің арқасында деп білем. Себебі мен интернеттен, бәрінен ізденіп, Денис Теннің қалай секіргенін, қалай билегенін қараймын. Маған өзімен Денис Тен қатты ұнайды. Кешегі жағдайда мен қатты мұңайдым, ұйықтай алмадым тіпті.

Александр Солодовщиков, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы, КСРО спорт шебері:

Денис Тен көз алдымызда өсті. Үлкен жүректі азамат, көрнекті тұлға еді. Бізде жаттығатын балалар соған еліктейтін. Әттең, қапыда айрылып қалдық. Бұл Қазақстан ғана емес, әлемдік спорт үшін ауыр қаза.

Саңлақ спортшының қазасы атыраулықтарды да есеңгіретіп тастады. Денис алғаш рет және, өкінішке орай, соңғы рет осы қалада сәуірде шеберлік сыныбын өткізген еді. Ал, бүгін мұз айдынының алды шоқ гүлдерге толды. Олар Денисті үнсіздікпен еске алды.

Еркін Карин, тілші:

Орадағы Мұз айдыны спорт сарайының алдына орнатылған экраннан да марқұмның спорттағы жетістіктері мен жеңістері баяндалған роликтер үздіксіз  көрсетіліп жатыр. Өнерін тамашалағандар көз жастарына ие бола алмады. Олар кінәлілер тиісті жазасын алуы керек дейді.