$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Шымкентке жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
3624
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Шымкентке жұмыс сапарымен барды

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының жобалары сәтті жүзеге асырылып жатыр. Шаһарға жұмыс сапарымен барған партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді. Алдымен ол партиялық жоба аясында ашылған «Отырар» кітапханасындағы коворкинг-орталыққа ат басын бұрды. Бұл жер бүгінде жастардың сүйікті орнына айналған. Орталықта жаңа бағытта білім алуға жағдай жасалыпты. Тегін Wi-Fi, тынығу алаңы, кітап дүкені мен кинозал бар. Атап өтері, бұл жер жастармен бірге ересектерге де ыңғайлы.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Осы партиялық жобаның негізгі мағынасы - жастарды кітапханаларға тарту, жастарды кітап оқуға баулу. Сондықтан соның бір енді жолдарын қарастырып, осындай біз енді жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Мұндай жерлерде көбірек әртүрлі шараларды өткізуіміз керек. Мысалы, енді, қазір енді тренинг дейді, дәрістерді ұйымдастыру керек, бір семинарларды ұйымдастыру керек, сөйтіп, сол бір талқылауларды ұйымдастыру керек. Шымкенттегі біздің «Жас Отанның» жастары да осында жақсылап тұрып жұмыс істеу керек.

Сонымен қатар партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде «Нұр Отанның» бастамасымен ашылған ІТ-орталыққа барды. Партиялық жоба бойынша бұл орталықта өңірдегі информатика пәнінің мұғалімдері бағдарламалау, робот техникалары және 3D модельдеу негіздерін үйренуде. Жыл сайын мұнда 40 маманды оқытып, біліктілігін арттыру көзделіп отыр.

Дария Қожамжарова, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры:

Елбасының өзі айтып отыр ғой, біздің болашақта: 21-ші ғасырда - желмен жарысқан жаңалықтары мол ғасырда біз осының барлығына дайын болуымыз керек. Себебі "Бес әлеуметтік жобасында" көрсетілгендей біздің еліміздің болашағы үшін жаңа инновациялық өнеркәсіптік революцияны дайындау үшін бізге бірінші мамандар қажеттілігі туып отыр. Осы мамандар қажеттілігін негізін салу үшін біздің базамызда үлкен Айти орталық ашылып отыр.

Сапар соңында партия төрағасының бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының конференциясына қатысты. Мұнда президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары жан-жақты талқыланды. Нақты тапсырмалар айқындалып, алдағы жұмыс бағыты пысықталды. Одан бөлек, конференцияда партия қалалық филиалының төрағасы болып Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сайланды.