$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Ертеңнен бастап Астанада қоғамдық көлікте жүру құны 180 теңге болады

AstanaTV
20.07.2018ж. 20:00
1835
Ертеңнен бастап Астанада қоғамдық көлікте жүру құны 180 теңге болады

Ертеңнен бастап Астанада қоғамдық көлікте жүру құны 180 теңге болып өзгереді. Алайда жол жүру ақысын арнайы карта арқылы төлейтіндерге бұрынғы 90 теңге тарифі сақталады.  Бұл туралы бүгін  "Astana LRT" серіктестігінде өткен баспасөз жиынында айтылды. Қазір қала тұрғындарының 50 пайызы арнайы жолақы картасын сатып алып үлгерген. Ал 7 жас пен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін қоғамдық көлікте жүру құны 40 теңге болып сақталды. Олардың қыркүйек айына дейін арнайы картасыз жүруіне рұқсат.

Дәурен НҰралиев, "Astana LRT" ЖШС басқарушы директоры:

Қазіргі уақытта картаны 6 арнайы мамандандырылған касса мен 30 терминалдан сатып алуға болады. Оны сол жерде толтырып алатын мүмкіндік бар. Одан өзге халық ыңғайына орай 51 осындай орын бар сол жерден картаны алып, терминалдардан толтырып алуға болады.

Сондай-ақ ертеңнен бастап автобустарға тек алдыңғы есіктен кіру міндет. Кейін бірден карта арқылы төлем жасау керек болады. Ал, картасы жоқ, ақша төлейтіндер жүргізушімен есеп айырысады. Кондукторлар бақылау қызметін атқарады.