Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев іссапармен БҚО-да болды

AstanaTV
26.07.2018ж. 20:00
2510
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев іссапармен БҚО-да болды

Батыс Қазақстан облысының Қарашығанақ кенішін игеру ісінде Қазақстан үлесін арттыру керек. Бүгін облысқа іссапармен барған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Жобалық басқару мәселелері жөніндегі кеңесте "Қарашығанақ мұнай-газ кенішін" игеруге 1997-ші жылдан бері 23 млрд доллар инвестиция құйылғаны белгілі болды. Ал ел бюджетіне түскен төлемдер 16 миллиард АҚШ ақшасын құраған. Кенішті игеру ісіне 4 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын жұмылдырылған. Бірақ бұл көрсеткішке үкімет басшысының көңілі толған жоқ. Сондықтан мемлекеттік маңызы мол жобада отандық үлесті одан әрі арттыру керектігін тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Инвестиция құйылып жатыр, жұмыс жүріп жатыр. Өсім бар. Бірақ қазақстандық құрам көбейер емес. Олар бұл көрсеткіштің жыл сайын 1-2% өскенін қанағат тұтады. Бірақ біздің меже кемінде 56% немесе 96% болуы керек. Неге біз жыл сайынғы бір пайыздық өсімді қанағат тұтамыз? "Шелл" компаниясына келген жаңа басшылармен өткен кездесуде осыны ескерттім. Пайда бір бөлек, бізді де ұмытпау керектігін, қазақстандық үлесті арттыру қажеттігін айттым.