Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Энергетика министрлігі жанар-жағармай экспортына баж салығын өзгертуге кірісті

AstanaTV
26.07.2018ж. 20:00
2383
Энергетика министрлігі жанар-жағармай экспортына баж салығын өзгертуге кірісті

Энергетика министрлігі жанар-жағармай экспортына баж салығын өзгертуге кірісті. Бұл туралы «Kazenerdgy» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов айтты. Өйткені қазірде отандық зауыттар үшін акциз бағасы ресейлік импортпен салыстырғанда бірнеше есе қымбат. Сондықтан Қазақстан үшін экспорт тиімсіз болғалы тұр.

Еске салайық, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан мұнай өнімдерін экспортқа шығара алмайды. Еуразиялық экономикалық одақ аясында осындай келісім бар. Ол бес айдан соң күшін жояды. Оған қоса, мұнай өңдеу зауыттары толық іске қосылған соң, жанар-жағармай көлемі артады. Яғни экспортқа мүмкіндік болып тұр.

Әсет Мағауов, «Kazenerdgy» қауымдастығының бас директоры:

Акциздің мөлшері бірдей болуы керек. Мәселен, ресейліктер өз бензинін импорттағанда 4 500 теңге төлесе, отандық зауыттар 10 500 теңге төлейді. Сол сияқты дизельді отын бойынша көршілер 540 теңге аударады. Ал отандық өнім үшін 9 300 теңге төлеуге мәжбүр.