Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан халқы жұмадан сенбіге қараған түні ғасырда бір-ақ рет болатын «қанды ай» құбылысын бақылай алады

AstanaTV
26.07.2018ж. 20:00
7507
Қазақстан халқы жұмадан сенбіге қараған түні ғасырда бір-ақ рет болатын «қанды ай» құбылысын бақылай алады

Қазақстан халқы жұмадан сенбіге қараған түні ғасырда бір-ақ рет болатын «қанды ай» құбылысын бақылай алады. Айрықша процесс бес сағатқа дейін созылады. Ал сағат екілер шамасында Ай қызыл түске енеді, дейді солтүстік қазақстандық обсерваторияның профессоры Андрей Солодовник. Тәжірибелі астрофизиктің айтуынша, бұл уақытта Ай Жер ғаламшары түсірген көлеңкенің дәл ортасынан өтеді. Әдетте Күн мен Айдың тұтылуы жылына екі рет қайталанады. Алайда, Айдың жер шарының дәл орта белінен өтуі жүзжылдықта бір рет болатын құбылыс екенін айтты. Соңғы рет аспан денелерінің осылай бір сызықпен тізілуі 20-ғасырдың басында байқалған. Айта кету керек, шілденің 27-і күні «қанды аймен» қатар Ай мен Марс планетасы бір сызықтың бойында тұрмақ. Бұл процесс соңғы рет бірнеше мың жыл бұрын, пирамидалардың құрылысы кезінде болған деседі.

Андрей Солодовник, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, астрофизика ғылымдарының доценті:

Айдың бұл жолғы тұтылуы халық арасында «қанды» деп аталып кеткен. Бірақ, шын мәнінде, оның түсі қызғылт-сары немесе қоңырлау болмақ. Жердің көлеңкесі айды түгел жауып тастайды. Ал атмосферадан өткен күн сәулелері қызыл түске айналып, айдың жан-жағына түсіп тұрады. Бұл құбылыс Африка және Еуразия материгінің жартысында анық көрінетін болады.