Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астанада 5 мыңға жуық маманға сұраныс бар

AstanaTV
26.07.2018ж. 20:00
3063
Астанада 5 мыңға жуық маманға сұраныс бар

Астанада 5 мыңнан астам жұмыс орны бос. Көлік, құрылыс, білім, денсаулық сақтау мекемелеріне мамандар аса қажет. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде аталған салаларға еңбеккерлер іздеген жұмыс берушілер көп болды. Мәселен көлік, әуе, теміржол тасымалына 500 жүргізуші қажет екен. Құрылыс, көгалдандыру ісіне де соншалықты жұмысшылар керек. Медицина мекемелері мен мен өнеркәсіп орындарына 300-ден аса маманға сұраныс бар.  Әдеттегідей мұғалімдер мен сату жөніндегі мамандарға бос жұмыс орындары жетерлік. Ал мыңнан аса жұмыс орны ұсынылған жәрмеңкеге келушілердің дені дипломы болғанымен жұмыс тәжірбиесі жоқ жастар мен зейнеткерлер. Бүгінгі таңда Астана қаласында 5 мыңға жуық адам жұмыссыздық бойынша жұмыспен қамту орталығына тіркелген.

Қаламқас Кульшиманова, Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

Бұл жәрмеңкенің мақсаты - адамдарды 100 пайыз жұмысқа орналастыру емес. Бұл жәрмеңкеде жұмыс іздеп жүрген азаматтарға ыңғайлылық таныту. Бір күнде бірнеше жұмыс берушіден сұхбаттасады. Өз резюмесін тастап, өзін көрсетуіне мүмкіндігі бар. Және жұмыс беруші бір күннің ішінде бірнеше азаматты қарастырып, өзіне жұмысшы іздеп тауып алуына мүмкіндік бар.