Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Мерекеге орай мүгедек балаларға сый жасалды

AstanaTV
25.05.2016ж. 20:00
1897
Мерекеге орай мүгедек балаларға сый жасалды

Бүгін «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» бірлестігі жаратылысынан ерекше бүлдіршіндерге ұмытылмас мереке сыйлады. Халықаралық балалар құқын қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада қуыршақ театрының әртістері өнер көрсетіп, айықпас дертке шалдыққан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Жүру мүмкіндігінен айрылған балақайлар бір сәтке арбаға таңылғандарын ұмытып, әртістермен бірге әр қимылдарды қайталауға тырысты. Іс-шараға келген әр балаға бағалы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бүлдіршіндермен қоса, ата-аналарға да тегін киім-кешек таратылды.

Қамқа Жасанова, «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ төрайымы:

Бүгінгі мақсатымыз, ең бірінші, бұл өзім ана ретінде айтатыным, - бұл балалардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу. Ол балалар ерекше болса да, олар өздерін басқа балалардан кем санамайды. Өйткені олар да осы күнді көптен күтіп отыр. Бүгінгі күнде, мен ойлаймын, балалар өздерін сондай бақытты деп санайды.

Берік ХАСЕНОВ