Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жұмысы «Нұр Отан» партиясының бақылауында

AstanaTV
30.07.2018ж. 20:00
2289
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жұмысы «Нұр Отан» партиясының бақылауында

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жұмысы "Нұр Отан" партиясының бақылауында. Биыл бастама аясында бизнесті дамытуға Ақмола облысына бюджеттен қосымша 1,4 млрд теңге бөлінген. Бастамалардың іске асырылуын бақылайтын топ осы өңірге ат басын тіреп, кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Толығырақ тілші тарқатады.

Ақмола облысына арнайы барған партия өкілдері Шортанды ауданы Дамса ауылына ат басын бұрды. Мұнда мемлекетік бағдарламамен 3 миллион теңге несие алған Татьяна Хлубная кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол Астана - Көкшетау көлік жолының бойында газ құю стансасы мен дүкен және дәмхана ашқан.

Татьяна Хлубная, кәсіпкер:

Мемлекет тарапынан жақсы қолдау таптық. Барлық шарттары бізге тиімді. Несиені төлеу қиындық тудырмайды. Қазір 5 жұмысшым бар. Келешекте кәсібімді кеңейткім келеді.

Ал Макинск қаласының тұрғыны Төлеген Маралбек «Бизнес Бастау» жобасы аясында білім алып, төмен пайызбен несие алған. Қазір жиһаз шығаратын цехы бар. Бүгінде жиһаздың жүз жиырмадан астам түрін шығарады. Ол үлкен сұранысқа ие. Оннан астам жұмысшы алпыс мың теңге айлық алады. 

Төлеген Маралбек, кәсіпкер:

Жұмыспен қамтуға адамдардың кәсіпкерлікпен шұғылданып, өздерін дамытуға мемлкеттің «Нұр Отан" партиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесінде біз көзіміз жетіп, нәтижесін көріп жатырмыз. Оларға үлкен рахмет.

Партия өкілдері Бурабайда жылыжай ашқан кәсіпкердің ісімен танысты. Жеңілдетілген несиемен 4 миллион теңге алған ол көкөніс өсіреді. Биыл үш жүз шаршы метрді құрайтын жылыжай 3 тонна өнім берген.

Ал Көкшетаудағы жұмыспен қамту орталығына барған Бақытжан Жұмағұлов пен Тамара Дүйсенова тұрғындармен кездесіп, жұмыссыз адамдарға несие беру жолдарын түсіндірді.

Бақытжан Жұмағұлов, Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасы елде үлкен үмітпен қабылданып жатқанын, ел қолдап жатқанын баршаларыңыз куәсіздар. Ал енді осы игі істі бақылауды "Нұр Отан" партиясына Елбасы нақты тапсырып отыр. Ол әрқайсымызға деген үлкен жауапкершілік. Шешілмей жатқан мәселелер бар. Солардың бәрін біз халықтың ортасында жүріп жинап, соны нақты іріктеп, үкіметке жеткізу. 

Тамара Дүйсенова елде президенттің «Шағын несие беруді көбейту» бастамасы белгіленген межеден кешігіп жатқанын алға тартты. Сондықтан партия хатшысы жауапты мемлекеттік органдарға бұл олқылықтарды жақын арада жоюға кеңес берді.