Негізгі / Жаңалықтар / Солтүстік аймақтарда күн +5 градусқа дейін салқындайды

Солтүстік аймақтарда күн +5 градусқа дейін салқындайды

Солтүстік аймақтарда күн +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазгидромет осындай хабарлама таратты. Ауа райы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында құбылмақ. Осы аралықта солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, қатты жел тұрады. Күн күркіреп, бұршақ жаууы да мүмкін. Сондықтан ауа температурасы түнде 5-16 градусқа дейін төмендемек. Ал басқа өңірлерде сынап бағанасы сақталғанымен, күн күркіреп, ақ жауын болуы ықтимал.