Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Демократтар шекара қауіпсіздігі үшін дауыс бермесе, Трамп үкімет жұмысын тоқтатпақ

AstanaTV
30.07.2018ж. 20:00
2174
Демократтар шекара қауіпсіздігі үшін дауыс бермесе, Трамп үкімет жұмысын тоқтатпақ

Демократтар АҚШ пен Мексика шекарасы арасында қорған салуды қолдап дауыс бермесе, үкімет жұмысы тоқтатылады. Америка президенті Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. Ақ үй басшысы Құрама Штаттарға есірткі Мексикадан келіп жатыр деп есептейді. Қалқан құрылысын бастау туралы бастамасын Трамп президенттікке кандидат болған кезден бастап айтқан болатын. Оған 25 миллиард доллар қажет. Қазір бұл жобаға бір жарым миллиард бөлінген. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Егер демократтар шекара қауіпсіздігі үшін дауыс бермесе, мен үкімет жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламын. Лотерея, ұстау, босату сияқты істерді доғарып, көші-қон жүйесіне көшуіміз қажет. Біздің елге көрнекті адамдардың келгені керек.