$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан Apple өнімдері қымбаттауы мүмкін - Financial Times

AstanaTV
31.07.2018ж. 20:00
2843
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан Apple өнімдері қымбаттауы мүмкін - Financial Times

Қазақстандықтар үшін де Apple өнімдері қымбаттауы мүмкін. Бұған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы түрткі болып отыр. Financial Times ақпаратына сүйенсек, президент Трамп Қытай экспортына 10 пайыздық салық енгізетін болса, онда сұранысқа ие Apple тауарлары қымбаттауы мүмкін. Оның ішінде Watch смарт-сағаты, фирмалық құлаққап пен дыбыс бағанасының құны өспек. Тез өтетін тауарлардың ішінде iPhone және Mac компьютері "қара тізімге" енбеген. Британдық басылым Apple-мен бірге оның бәсекелестері Amazon, Google и Sonos-тің ақылды қондырғылары да қымбаттауы мүмкін деп хабарлады. Ал сарапшылар екі ел арасындағы сауда соғысының шиеленісуі  күзде жаңа iPhone-ның таныстырмақ болған америкалық корпорацияның акцияларына соққы болады деп отыр.