$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Алматыдағы «Тойота сити» автосалонының менеджеріне алданғандар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне шағымданбақ

AstanaTV
02.08.2018ж. 20:00
3890
Алматыдағы «Тойота сити» автосалонының менеджеріне алданғандар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне шағымданбақ

Алматыдағы «Тойота сити» автосалонындағы менеджерге алданған азаматтар енді Бас прокуратура мен ІІМ-не шағымданбақ. Олар қалалық құзырлы органның әрекетсіздігіне наразы. Бұл туралы алдауға түскен тұтынушының бірі Ақылбек Мұқаметшеұлы айтты. Элиталық көлік сататын салон айналасындағы дау сәуір айында басталған. Ақылбек Мұқаметшеұлының өзі 30 миллион теңге тұратын «Лэнд Крузер» көлігін алу үшін 22 миллион теңгесінен қағылған. Сол кезде автосалон менеджері Мадияр Оразақын 13 адамды тақырға отырғызған деген күдікке ілікті. Яғни компания атынан келісімшарт жасасып, қаржыны қолма қол алған көрінеді. Бірақ жәбірленушілер төлем чегін бермегенін айтады. Алайда уағдаласқан уақытта көлікті алуға келгенде менеджерді таппай қалады. Артынша барлығы дерлік полицияға арыз түсірген. Жәбірленушілер, арада 4 ай өтсе де, іс тергеуінде өзгеріс жоқ деп отыр.

Ақылбек Мұқаметшеұлы, зардап шегуші:

Сіздер оны қашан табасыздар? Көшеден кішкентай зат ұрлап кеткен адамды сол күні тауып аласыңдар да, 15 жылға жібере саласыңдар деймін. Бәленбай адамдарды жылатқандарды қалай сонда, 4 ай болды, таппау деген мүмкін болмайтын, басқа симайтын зат қой. Жоғарыда отырған министрлер, Генпрокурор және де премьер-министр солардың аттарына жазамыз онда.

Ал қалалық ішкі істер департаментінің мамандары «тергеу тобы құрылып, тиісті сараптамалар мен сараптамалық зерттеулердің әлі де жалғасып жатқандығын жеткізді. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

Заңнамамен көзделген мерзім өтелген жоқ. Барлық тиісті шаралар және тергеу амалдары дер кезінде жүзеге асырылуда. Оразақын есімді азамат қазіргі таңда іздеуге жарияланды. Ол басты сезікті болып танылды.