Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанада құрбысының куәлігін өз суретімен қайта жасатып, банктен миллион теңгеге несие алған адам анықталды

AstanaTV
02.08.2018ж. 20:00
3537
Астанада құрбысының куәлігін өз суретімен қайта жасатып, банктен миллион теңгеге несие алған адам анықталды

Астанада құрбысының куәлігін өз суретімен қайта жасатып, банктен миллион теңгеге несие алған адам анықталды. Құрбысының бұл әрекетінен зардап шеккен Айым Жақыпова арнамызға келіп, анық-қанығына жетуге көмек сұрады. Бұл жағдайды құқық қорғау органдары қалай түсіндіреді? Диана Сапарқызы анықтап көрді.

Мен қазір жұмыс істеп жүрген жоқпын. Менің де екі қызым бар, мен жұмыс істемесем, менің отбасымды ешкім асырамайды.

Астаналық Айым Жақыпованың құрбысы осыдан екі ай бұрын оған "танысы арқылы жүргізуші куәлігін жасатып берем" деген себеппен жеке төлқұжатының көшірмесін сұраған. Арада бір жарым айдай уақыт өткеннен кейін Айымға банкттен 1 млн теңгеге несие алғаны туралы қағаз келеді. Ай сайынғы төлемі 100 мың теңге. Жағасын ұстаған Айым банкке барып, анығына жеткенде, оның аты-жөні мен жеке деректерін пайдаланғанын біледі. Ал куәлікте құрбысының суреті тұрған көреді. Өзінің айтуынша, құрбысы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Айымның атынан құжат жасатып, несие алған.

Айым Жақыпова, Астана қаласының тұрғыны:

Мен сіздерден көмек сұраймын, маған осы құжат жайлы осы жайтты істеп отырғандар әрқайсысы өз жазаларын алсыншы. Маған басқа ештеңе керек емес. Неге бәрі үндемей қалғысы келеді. До суда не доводи деп. Анау кредитті полностью төлеп береді дейді. Не үшін? Маған керек емес оның кредитті төлегені. Ол кредитті мен алған жоқпын.

Диана Сапарқызы, тілші:

Төл құжатты жоғалтып алған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына  барып, мынадай ақ қағазға өтініш жазу керек. Одан кейін кассаға мемлекеттік баж төленуі тиісСондай-ақ, азаматтықты растайтын төлқұжат бар болса ғана, оны да ұсынуығыз керек. Бірақ бар болса.... Әрине, бұл  жеңілдетілген процедура ыңғайлы. Алайда, мұны әккілер өз пайдаларына жаратуы мүмкін.

Бірақ қалалық көші-қон қызметкерлері арнайы құжаттандыру базасында сурет сәкестігіне тексеретіндерін айтып отыр.

Нұрбек Нұрахметов, Астана қаласы сарыарқа ауданы ІІБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инстпекторы:

Ішкі істер министрлігінің халықты құжаттандыру базасы бойынша әр адамның суреттері бар. Алдында неше құжат болды, қанша рет құжаттандырылды. Сол бойынша отырған адамды сәйкестендіріп тексереміз. Қажет жағдайда басқа да анықтамаларын біліп құжаттандырамыз

Енді бұл істің мән-жайын ішкі істер органдары анықтайды. Олар іс тергеуге алынғанын хабарлады.   

София Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

Азаматшаның қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы, яғни алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жан-жақты және істің толық қаралуы қамтылған. Қазіргі таңда осы іс бойынша барлық жағдай тексерілуде.

Құжатты ұрланған жағдайда дереу полиция қызметіне келіп, өтініш жазу қажет. Ішкі істер департаментінің мамандары тұрғындарды құжаттарына мұқият болуды, өзге адамдарға сеніп тапсырмауды ескертеді.