Елде Қорғаныс министрі ауысты. Бұл қызметке Президент көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Нұрлан Ермекбаев тағайындалды. Ол туралы Мемлекет басшысының жарлығы шықты. Ол бұған дейін Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметін атқарған болатын. Ал экс-қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды.