$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Түркістан облысының кей аудандарына 3,6,8 сыныптың жаңа оқулықтары тендерді өткізу талаптарына байланысты кешігіп жатыр

AstanaTV
08.08.2018ж. 20:00
2563
Түркістан облысының кей аудандарына 3,6,8 сыныптың жаңа оқулықтары тендерді өткізу талаптарына байланысты кешігіп жатыр

Ал Түркістан облысының кей аудандарына 3,6,8 сыныптың жаңа оқулықтары тендерді өткізу талаптарына байланысты кешігіп жатыр. Алғашқы байқауда кітапты тасымалдауға ешбір мекеме құлық танытпаған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді. Дегенмен мамандар қайта байқау өткізіп, мәселені оқу жылы басталмай шешеміз деп отыр.

Исатай Сағындықов, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы:

Кешігу бізге байланысты емес. Сатып алу деген заң бар ғой, білесіз. Ол барлық жерде кедергі жасайды. Оның барлығы шешіліп жатыр қазір. Бүгіннің өзінде төрт аудан еді, қазір бір аудан шешілді. Қалғанында да шешіліп жатыр. Шешілмеген жағдайда самовывозбен біз алып келеміз. 25-тамызға дейін барлық оқулықтар дайын болады. Ақшаларының барлығы бар.

Жаңартылған 3,6,8 сынып оқулықтарын сатып алып, жеткізуге жергілікті бюджеттен 4,9 млрд теңге бөлінген. Оның 64 миллионы тасымалдауға жоспарланған. Ал Шымкент қаласына оқулықтардың жартысынан астамы ғана жеткізілген.

Пазылхан Асауов, Шымкент қаласы білім басқармасының бөлім басшысы:

Бүгінгі таңға біз алты баспадан алып келдік. Негізі 13 баспадан кітап алуымыз керек. Қалған кітаптарды баспалардан 15-не дейін толық аламыз. 1 млн 311 мың 643 кітап келуі керек. Қазіргі таңға келгені 759 мың 170 кітап қоймада тұр қазір.

Бұған дейін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанада, БҚО-ның Зеленов ауданында, Түркістан облысының 4 ауданында оқулық жеткізу кешеуілдеп жатқанын айтқан болатын.