Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шетелдік қалталы инвесторларды көптеп тарту үшін атқамінерлер «Қазақстандық брендтер» атты кітапты басып шығарды

AstanaTV
09.08.2018ж. 20:00
4474
Шетелдік қалталы инвесторларды көптеп тарту үшін атқамінерлер «Қазақстандық брендтер» атты кітапты басып шығарды

Шетелдік қалталы инвесторларды көбірек тарту үшін атқамінерлер «Қазақстандық брендтер» атты кітап шығарды. Бүгін осы екінші кітаптың тұсаукесері өтті. Ал алғашқысы былтыр жарыққа шыққан. Басынан аяғына дейін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған болатын. Яғни ұйымдастырушылар осы кітаптың көмегімен отандық тауарларды төрткіл дүниеге танытуды көздеп отыр. Мұнда Қазақстандағы  тау-кен өндірісінен бастап құрылысқа дейін барлық ақпарат бүге-шегесіне дейін жазылған. Аталмыш кітап кәсіпті жаңадан бастаған жас бизнесмендерге, сондай-ақ елмен сауда-саттық орнатқысы келетін барлық шетелдік инвесторларға арналады. Ал келесі жылы елге өз пайдасын тигізіп жатқан кәсіпкерлердің жаңа есімдерімен толығып, үшінші томы да шығарылмақ.

Әлімжан Тохтасынов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің экспортты дамыту департаментінің директоры:

Жапондарды Тойота десе, барлығы біледі. Тойота деген Жапондыкы. Сондай біздің брендтеріміз бар. Мысалы, біздің қазір 4 қазақстандық брендтеріміз бойынша жұмыс жасалып жатыр. Ол органик. Қазақстанда өздеріңіз білесіздер, біздің етіміз, біздің басқа жемістеріміз сапасы өте жоғары. Органикаға жатады. Соны нығайтуы, басқа-басқа шикізат емес тауарларды дүниеде танып алу үшін оған жұмыс жасау керек.