Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда «Сан-Ремо – Сарайшық» фестивалі өтті

AstanaTV
10.08.2018ж. 20:00
3430
Атырауда «Сан-Ремо – Сарайшық» фестивалі өтті

Атырауда Қазақстан мен Италия музыкаларының фестивалі өтті. «Сан-Ремо - Сарайшық» деп аталған шара барысында аймақ тұрғындары мен қонақтары қос елдің әлемге танымал классикалық әндерін тыңдауға мүмкіндік алды.

Концертке жиналғандар Халықаралық дәрежеде танылған итальяндық әртістер Родольфо Гордини мен Изабелла Биффидің өнерін тамашалды. Олар Пупо, Тото Кутунье, Челентано сияқты эстрада жұлдыздарының хит әндерін де орындады. Қазақстанға гастрольдік сапармен жиі келіп тұратын продюсер Савино Корсари қаза елінің қонақжайлығы мен ашық мінезі италиялықтарға ұқсас екенін айтады. Ол болашақта қазақстандық музыканттармен бірлесіп, өнер орталығын құруды жоспарлап жүргенін жеткізді. Фестивальға жергілікті атқамінерлер мұрындық болған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивалдің қос елдің тарихи қаласымен аталуы да тегін емес. "Мақсат - өнердегі байланыстың діңгегі берік болса деген тілектен туған ой", - дейді олар. 

Құралай Құмарова, Атырау қалалық мәдениет бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Бұл шараның негізгі мақсаты - ұлтаралық достықты нығайту және екі елдің мәдениетін нығайту болып табылады. Бүгінгі шараға Италия елінің атағы әлемге жайылған бір топ әншілері қатынасып отыр.

Савино Корсари, продюсер:

Біз сіздерге итальяндық әндер ұнайтынын білеміз. Сондықтан біз сіздерге қуана-қуана келдік. Болашақта қазақ елінің музыканттарымен бірігіп, ортақ жоба қолға алуды жоспарлап отырмыз. Қос елді музыка байланыстырса деген тілегіміз бар. Ал келесі келгенде қазақ тілінде де ән шырқасақ па деп отырмыз.