Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Таразда тәртіпсіз мұғалім «тәртібі» үшін жұмыстан қуылды

AstanaTV
13.08.2018ж. 20:00
4801
Таразда тәртіпсіз мұғалім «тәртібі» үшін жұмыстан қуылды

Таразда мұғалім «тәртібі» үшін жұмыстан қуылды. Жаттықтырушыны жаман атты қылған әуесқой түсірілім әлеуметтік желіге жылдам тарап кетті. Мұнда оқушыларының намаз оқығанына ашуланған ұстаз оларды құлшылық жасап жатқан жерінен балағаттап қуып шығады. Жағдай «Атлетик» спорт кешенінде болған. Мұнда әр ауданнан келген талапкерлер Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына іріктеу сынақтарынан өтіп жатқан. Болған жайға байланысты Облыстық спорт басқармасының басшысы түсініктеме берді. Ал жаттықтырушы спортшы екенін көрсетіп, журналистерге жеткізбей кетті.

- Сізді бола ма?

- Жоқ, комментарий бермеймін.

Нұрбол Жүнісбеков, Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Педагогикалық әдепті бұзғаны үшін ол жаттықтырушы міндетті түрде жұмыстан босатылатын болады. Ары қарай да жұмыс жасайтын боламыз бұл жағдайдың неге болғандығы жайлы.