Осымен
қатарынан екінші жыл «Барыс» хоккей командасына «Президент кубогы» бұйырмады.
Биылғы турнирде астаналық клуб үшінші орынды қанжығасына байлады. Ал басты
жүлдені "Амур" командасы жеңіп алды.
Дәстүрлі түрде осымен 9 рет өтіп
жатқан халықаралық шайбалы хоккейді «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырды. Бұл жолы
тартысты ойынға Нижнекамскіден «Нефтехимик», Хабаровскіден «Амур»,
"Барыс" және Қазақстан құрамасы қатысты. Спорт сайысынан 1-ші және
2-ші орынды иеленген қонақтар аса мықты екендерін көрсетті. Ал оларға
сый-сияпатты «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов табыстады.
Астаналық барыстар соңғы матчта Қазақстан құрамасынан жеңіліп, жеңімпаздар кестесінен үшінші орынға
жайғасты.
Айта кетейік, ұлттық құрама жас ойыншылардан құралған. Өйткені бас
жаттықтырушы Андрей Скабелка резервтегі хоккейшілердің шама-шарқын көрмек
болған. Енді команда қыркүйектің басында өтетін хоккейден 11-ші континентальды
лигаға қызу дайындықты бастайды. Сондай-ақ 25 тамызда Уфада болатын тағы да
халықаралық «Башқұртсан Республикасының
кубогына» қатысуды да жоспарлап отыр.