Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

AstanaTV
15.08.2018ж. 20:00
2682
Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

Жаңа саяси маусымда Парламент бұған дейін қабылданған инфрақұрылымдық және индустриялық даму бағдарламаларын, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды жалғастырады. Бүгін Ақордада Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. "Алдағы сессияда экономика саласына қатысты ауқымды заң жобаларын және бірқатар халықаралық құжаттарды қарастыру жоспарланған. Үкімет көптеген заңнамалық бастамалар әзірлеп жатыр. Бізге солармен жұмыс істеу қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өткен жылы Парламент 84 заң қабылдады. Біз Түркістан облысын құру жөнінде заң қабылдадық. Жаңа құрылған облыста екі сенаторды сайлау жұмыстары жүріп жатыр. Алдымыздағы сессияда көп істейтін шаруалар бар. Экономикалық, халықаралық жағдайлар бар.

Президент Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі Конвенцияны ратификациялауға байланысты өткен саммит нәтижелеріне арнайы тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Каспий теңізінің құқытық мәртебесін анықтау деген үлкен жетістік. 20 жыл осындай бәтуға келеміз деп кім ойлады. Құтты болсын!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Кеме көлінігің жүруі Каспийдің екі жағында құбырлар салу, барлық мәселелер шешілді.