Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Онлайн-несие алуда заңға шектеулер енгізілді

AstanaTV
16.08.2018ж. 20:00
3148
Онлайн-несие алуда заңға шектеулер енгізілді

Онлайн-несие алуда шектеулер енгізілді. Заңдағы өзгеріс күшіне енген. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Несие алушы адам заңды тұлға емес, жеке тұлға болуы тиіс. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі. Несие келісімшартында жылдық тиімді мөлшерлеме көрсетілуі міндетті. Ол берілген займның 100 пайызынан аспауы қажет. Уақытында төленбеген қарыз көлемі 0,5 пайыздан аспауы тиіс. Ал қарыздың жылдық соммасының 10 пайызынан аспауы қажет. Шектеулер Ұлттық банктің бастамасымен енгізіліп отыр. Өйткені тұтынушылар өмірлік қарыз құлдығына түсуі мүмкін. Бұған дейін онлайн-несие алуда ешқандай шектеулер болмаған. Сондықтан жылдық пайыздық мөлшерлемесі 700 пайыздан 900 пайызға дейін өскен еді.