$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырау бас полицейінің басы дауға ілінді

AstanaTV
22.08.2018ж. 20:00
3146
Атырау бас полицейінің басы дауға ілінді

Атыраудың бас полицейінің басы дауға ілінді. «Атырау облысының ішкі істер департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаев Минскіде казино ойнады» деген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеода шенді полицейді байқауға болады. Бұл кадрларды желіде таратқандар ойын кезінде бір миллион екі жүз мың АҚШ долларынан ұтылғанын жазған. Ал ІІМ өкілдері оқиға 2014 жылы Минск қаласында болған деп отыр. Бірақ сол кезде ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Аян Дүйсенбаев отбасылық достарымен демалған көрінеді. Ал "ойынханаға досын алып кету үшін кірген" дейді министрліктің ресми өкілі.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Оның досы шақырту бойынша өзінің таныстарының казиносына барады. Алайда оған қарсы болған әйелі күйеуін ойыннан бас тартқызу мақсатында Дүйсенбаевты ойын ғимаратына шақырған. Ол аталған казиноға сол себептен келген. Дүйсенбаевтың өзі ойынға қатыспаған. Оны 2014-ші жылы жүргізілген тексерулер растап отыр.