Елде бес мемлекеттің Төтенше және Өкілетті елшісі ауысты. Бүгін жаңа дипломаттар президентке сенім грамоталарын табыстады. Ливан Украина, Бразилия, Германия және Пәкістан Ислам Республикасының өкілетті елшілері ресми түрде өз қызметтеріне кірісті. Президент салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтап, бұл әр дипломаттың өміріндегі жауапты да қуанышты сәт екенін атап өтті.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстанның
сыртқы саясаты өзара тиімді ынтымақтастық пен прагматизм қағидаттарына
негізделген. Халықаралық қатынастрадың белсенді қатысушылары ретінде Астана
екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі дамытуға баса көңіл бөледі.