Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда бидай қымбаттайды - ҚР АШМ

AstanaTV
22.08.2018ж. 20:00
2392
Қазақстанда бидай қымбаттайды  - ҚР АШМ

Қазақстанда бидай қымбаттайды. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Үкіметте осылай деп мәлімдеді. Былтыр бидай тоннасы 35 мыңға саудаланса, биыл бағасы 50 мыңға жетті. Орақ науқаны Түркістан, Жамбыл областарында толық аяқталды. Басқа өңірлерде әлі жалғасып жатыр. Жалпы егістік аумағы 3 млн гектар. Техника 100 пайыз дайын. 400 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген. Алайда солярканы жеткізу мен бағасына қатысты проблема баршылық. Шөкеев арадағы операторлар қызметіне байланысты сұйық отын шаруалараға қымбатқа түскенін айтты. Мәселеге Энергетика министрлігінің араласуын сұрайды.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Өңірлердің әкімдіктері операторымен бағаны арзандату туралы жұмыс жүргізулері керек. Павлодар облысының жұмысын атап өткім келеді. Онда егін жинау жұмыстарына арналған арзан жанармайды электронды бөлу және өткізу бойынша министрлік жобасы пилоттық режимде іске асырылды. Көлемдер айқын тараптардың электронды картасына қарай бөлініп жатыр. Аталған тәжірибені 2019 жылы барлық өңірлерге енгізуді жоспарлап отырмыз.

Ал әкімдер осы аптадан жаппай көмір қоймаларын аралайды. Премьер жылу маусымына дайындықты ширатуды тапсырды. Елде қатты отын тапшылығы жоқ, жылу жүйелері мен оралықтар тегіс жөнделді, дейді Энергетика министрі. Дегенмен кестеден қалып қойған өңірлер де бар көрінеді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Қарағанды облысы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ 3-қазандықтың жөндеу жұмыстары бір айға ұзартылды. Атырау облысы биылға жоспарланған 9-турбинаны жөндеу 2019 жылға ауыстырылды. Ақтөбе ЖЭС АҚ 6-турбинаға қажетті қосалқы бөлшектерді кеш жеткізуне байланысты 28 шілдеден бері күрделі жөндеу жұмыстары әлі басталмаған.