Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Азиада ойындарының 10-шы күнінде ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты

AstanaTV
28.08.2018ж. 20:00
2171
Азиада ойындарының 10-шы күнінде ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты

Азиада ойындарының 10-шы күнінде ел қоржыны тағы бір алтынмен  толықты. Сегізінші алтынды көркем гимнастикадан жекелей сынды Алина Әділханова сыйлады. Бұған дейін үш қыздан тұратын Қазақстан құрамасының көркем гимнастшылары топтық жаттығуда да чемпион атанған. Ал синхронды жүзуден апалы-сіңлілі Екатерина және Александра Немичтер қола медаль иеленді.

Индонезияда өтіп жатқан бұл XVIII жазғы ойындарының нағыз қызған шағы. Әзірге қоржынымызда 45 медаль бар. Оның 8-і алтын, 8-і күміс және қалған 29-ы - қола медаль. Қазақстан жалпыкомандалық есепте ел құрамасы 10-орынға көтерілді.