Негізгі / Жаңалықтар / Велошабандоз Алексей Луценко Азиада-2018 екі дүркін чемпионы атанды

Велошабандоз Алексей Луценко Азиада-2018 екі дүркін чемпионы атанды

Алексей Луценко Азиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль салды. Осылайша, велошабандоз екі дүркін чемпион атанды.  Ол 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішінде жүріп өтті.  Алғашқы алтын медальды да жекелей жарыста Алексей салған еді.

Алексей Луценко, Азиада-2018 жазғы ойындарының екі дүркін чемпионы:

Бүгін осы орын үшін барлық күшімді жұмсадым. Барлық спортшыларға Азиада ойындарының соңына дейін сәттілік тілеймін. Алға, Қазақстан!

Бұған дейін қола алған Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде де қола жүлдегер атанды. Olympic.kz. порталы хабарлағандай, Дмитрий өзі Олимпиада чемпионы атанған 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесіне жарақатына байланысты қатыспайды. Сонымен бірге, Джиу-джитсудан Қазақстан командасының мүшелері бүгін екі қола медаль жеңіп алды. Олар Нұржан Сейдуәли мен Нартай Қажеков. Ал қазақстандық теннисші Денис Евсеев пен Александр Бублик күміс иеленді. Ал Анна Данилина мен Александр Недовесов жұбы Таиланд құрамасына жол беріп, қола тақты.