Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Астанада ауқымды open air өтеді

AstanaTV
24.08.2018ж. 20:00
2464
Астанада ауқымды open air өтеді

Астанада ауқымды open air өтеді. Жұртшылық көрмеде елдің әр аумағынан әкелінген тарихи жәдігерлерді көре алады. Орта заман адамдарының қолданған заттары мен әшекейлері қойылады. Ғылыми жолмен қайта қалпына келтірілген көшпенділер киім-кешектері таныстырылады. Ал көрмеге қатысатын қолөнер шеберлері сол жерде келушілерді ұлттық өнерге үйретеді. Ат әбзелдерін әзірлеуден шеберлік сағаттары өткізілмек. Этнодизайнерлер арасында байқау өтеді. Олар заманауи қазақы киімдер үлгісін көрсетеді. Көмеймен ән айтатындар да жаңаша әндер ұсынбақ. Ауқымды шара "Этноауыл" аумағында 25-26 тамыз күндері ұйымдастырылмақ.

Алина Хамадинова, фестиваль продюсері:

Кез келген адам қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрін көріп қана қоймай, қойылымдар арқылы сол заманға енеді. Тарих керуені болады. Қолөнершілер тегін шеберлік сағаттарын көрсетеді. Кеш соңында фольклорлық музыканы ерекше интерпретацияда ұсынар өнерпаздардың гала-концерті өтеді. Шараға шетелдік туристер де келеді деп жоспарлап отырмыз.