$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандық Париждегі үйін 125 млн еуроға сататын болды

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
2898
Қазақстандық Париждегі үйін 125 млн еуроға сататын болды

Қазақстандықтың 125 миллион еуроға бағаланған Париждегі атышулы элиталы үйін сатып алуға 100 адам қызығып отыр. Бұл туралы бельгиялық риелтор Игнас Мойвиссен скайп арқылы берген сұқбатында айтты. Бұған дейін қазақстандықтың Париж төріндегі үйі 65 миллион еуро тұратыны айтылған еді. Риелтор екі есе қымбат үйді өткізу үшін бүкіл ақпарат жинақталған 400 беттен тұратын 100 портфолио жасапты. Жомарт жерлесіміз ол үшін риелторға 650 мың еуро төлеген көрінеді. Игнас Мойвиссен бұл жылжымайтын мүлік нарығындағы ең қымбат мәміле деп отыр. Бұған дейін салық органдары 1200 шаршы метрді құрайтын зәулім үй қожайыны Үкімет мүшесі емес екенін айтты. Ал баспана компания атынан сатып алынғаны белгілі болды. Енді риелтордың айтуынша, сәні мен салтанаты келіскен үй миллионердің әйеліне ұнамай қалыпты. 

Ол мені шақырып алып, әйеліне пәтер ұнамайтынын айтты. Үй ауыстырғаннан гөрі әйел ауыстырған әлдеқайда арзанға түсер еді деп жауап бердім. Негізі мұндай ерекше үйлерді сатарда мәселе ақшада емес, оның бірегейлігінде болады. Пәтердің алдағы алты айдың ішінде сатылатынына сенімдімін. Қызығушылық танытып жатқандар бар. Тұрғын үй жайлы барлық ақпараты жазылған 100 кітапшаны атшабарлар қалталы азаматтарға жеткізді.