Бұдан
былай қызылордалық ата-аналар баласының мектептегі жүріс-тұрысын смартфон
арқылы бақылап отырады. «Где я» мобильді қосымшасы ата-аналар, сынып
жетекшілері мен директорға да қолжетімді. Ал облыстың 46 мектебінде
жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту басталады. Өңірде 1 қыркүйектен
басталатын өзгерістер туралы Шарипа
Сақтапованың репортажы.
Қызылордалық атан-анар үшін жаңа оқу жылының
ноу-хауы - «Где Я» мобильді қосымшасы.
Мұнда оқушының жүріс-тұрысы алақандағыдай көрініп тұрады. Пилоттық жоба өткен жылы қаланың екі
мектебінде сынақтан сәтті өтіпті. Қолдану принципы оңай, кез-келген смартфонға
енгізіледі. Жоба авторларының айтуынша, бұл қызмет ата-аналарға тегін
көрсетіледі.
Қайрат Шалтақбаев, «Ай Пи Групп» компаниясының коммерциялық директоры:
Бала үйінен шығып, мектепке жеткенде, сол жөнінде ата-анасына смс-хабарлама түседі. Сабақтан соң мектептен шыққанда да дәл сондай хабарламалар келеді. Ата-анасы шетелде жүрсе де, үйінде жүрген баласын бақылап отыруға мүмкіншілігі бар. Осы жылдан бастап қаланың барлық мектептері, кейін аудан мектептерін қосамыз. Қыркүйектен бастап аймақ балабақшалары электронды жүйеге қосылады. Әзірге оған қалалық бақшалар ғана енгізілген. Енді жаңа туған нәрестені ауыл-аймақ та интенет арқылы балабақшаға кезекке қойып, оны бақылап отыра алады. Ал мектептер түгелдей «Күнделік» электронды журналына көшеді. Оқулықтар мәселесі де облыста түбегейлі шешілген.
Майра Мелдебекова, Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы:
Оқулықтын мәселесін барлығын шештік 100 пайыз. Мың жарым миллиард қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Биылғы оқу жылынан бастап ағылшын тілін жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде бастауды жоспарлап отырмыз.
Ал мұғалімдер ағылшынша бағдарламаны толық игеріп кеткенше, тіл орталығы мамандары жыл бойы сабаққа қатысып, көмектеседі. Аймақ басшысы креативті, еркін ойлайтын, білімді жастарды тәрбиелеуге шақырады. Қызылордалық жастарға Мәскеу асуға жағдай жасалған.
Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:
Осы жазда біз Ресей Федерациясының гранты бойынша оқып жатқан 452 қызылордалық студенттің алпыс бес алғашқы түлегін күтудеміз. Сонымен бірге, біздің жастарымызға Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне жыл сайын 20 грант бөлінеді. Иннополис университетінде жыл сайын жиырма түлектің білім алуына Татарстан президентімен келісіміміз бар.
Бірінші қыркүйекте жүз елу төрт мыңнан астам қызылордалық оқушы мектепке баруға әзір.