Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматылықтар XVIII Азия ойындарының қола жүлде иегері Иван Ивановты қарсы алды

AstanaTV
03.09.2018ж. 20:00
2228
Алматылықтар XVIII Азия ойындарының қола жүлде иегері Иван Ивановты қарсы алды

Алматы жастары Азия ойындарынан жеңіспен оралған спортшы Иван Ивановты әуежайдан құрметтеп күтіп алды. Индонезияның Джакарта қаласында ядро лақтыру бойынша сынға түскен саңлақ - спорттың бұл түрі бойныша медаль алған алғашқы қазақстандық. Ол ядроны 19 да 40 метрге серпе лақтырып, қола жүлде иеленді. 18-ші Азия ойындарына Алматы облысынан 66 спортшы қатысқан. Шараны ұйымдастырған жасотандықтар жерлестерінің жеңісімен мақтанады. 

Иван Иванов, XVIII Азия ойындарының қола жүлдегері:

Мен бұл сайысқа барынша дайындалдым. Сайыс кезіндегі жүлде спорттағы ең жоғарғы жетістігім болды. Әрине, мұнымен шектелу ойымда жоқ. Бұл жолы қола болса, келесі жарыста міндетті түрде алтын алуға тырысамын. Сол үшін дайындығымды шыңдай түспекпін. Алда чемпионаттар көп қой.

Еркебұлан Ақболатов, «Жас Отан» жастар қанаты Алматы облыстық филиалының төрағасы:

Жақсы көңіл күйде қарсы алудамыз. Біздің жерлестеріміз осындай жетістікке жетіп жатқанына өте қуаныштымыз. Жастар осындай спортшыларымызды үнемі қолдайтын боламыз.