$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Жалпықазақстандық алғашқы ашық диктанттың қорытындылары мәлім болды

AstanaTV
27.05.2016ж. 20:00
1724
Жалпықазақстандық алғашқы ашық диктанттың қорытындылары мәлім болды

Қазақ тілінен диктант жазғандардың 40 пайызы төрттікке, яғни жақсы деген бағаға тапсырды. Бүгін жалпықазақстандық ашық диктант қорытындысы жария болды. 44 мың адам өте жақсы деген бағаға тапсырды. Ал 35 мың азамат үштік алған.

Құрманбек Жұмағали, Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз хатшысы:

Өте жақсы деген баға алған азаматтарға арнайы сертификаттар табысталды. Басты мақсат - сыйлық алу емес, бұл жерде жалпықазақстандық шараға қатысу арқылы мемлекеттік тілге деген құрметті, қазақ тілін біз қалай құрметтейтінімізді көрсету болып табылады.

Басында бұл шараға 20 мың адам қатысады деп жоспарланғанымен, диктант жазғандардың саны 140 мыңнан асыпты. 18 мың тұрғыны диктант жазған Павлодар облысы белсенді аймақ деп танылған. Еске сала кетейік, жалпықазақстандық ашық диктант 18 мамыр күні бір мезетте бірнеше аймақта өткен болатын. Шараға кез-келген адам қатысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ олардың жас ерекшелігіне де шектеу қойылмады. 

Еркін КАРИН